- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта Қазақ хандығының 550 жылдығына орай марка шығарды (Фото)
Қазпочта Қазақ хандығының 550 жылдығына орай марка шығарды (Фото)
Алты бояулы офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі - маркалы парақ.Парақтыӊ өлшемі 156 х 148 мм. Марканыӊ өлшемі 52 х 36 мм. Парақта 6 марка. Марканыӊ номиналы - 550 теӊге. Маркалардыӊ таралымы 5040 марка. Дизайнын суретші Рақымжан Ахмедин әзірледі.
«Елбасының бастамасымен осы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелейміз. Тарихы жоқ халық болмайды. Бүгін Қазпочтаның 550 жылдыққа арнап жаңа пошталық таңба шығаруы өте ілкімді шара, бұл Қазпочта басшылығы тарапы мен министрлік тарапынан қолдау және бар әлемге Қазақ хандығының тарихын паш ету», - деді Б.Сапарбаев.
Вице-премьердің айтуынша, 2015 жылдың басынан бастап Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 500 кітап шығарылды.
«Өздеріңіз білетіндей, соңғы кезде біз ғалымдар мен ақындардың көмегімен өте көп жариялнымдар жасауға тырысып жатырмыз. Осы 8 айдың ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 500 кітап жарыққа шықты. Бұл барлық әлемге тарихын тереңінен жіберген әлемдік қауымдастықта өз орнын ойып тұрып алатын Қазақстан деген елдің бар екенін паш етудің жолы», - деді ол.
Айта кетейік, 2015 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты мерекелік шара өтеді. Шараға Елбасы Н.Назарбаев, шетелдік мемлекет басшылары мен халықаралық қауымдастық өкілдері, отандық және шетелдік БАҚ қатысады.
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»