• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорск қаласындағы жылыжай кешені мемлекеттің қолдауымен 2 тонна көкөніс өсіреді

Степногорск қаласындағы жылыжай кешені мемлекеттің қолдауымен 2 тонна көкөніс өсіреді

8 Қыркүйек, 2015 19:17
Степногорск қаласындағы жылыжай кешені мемлекеттің қолдауымен 2 тонна көкөніс өсіреді, деп хабарлады «Даму» қоры.

2008 жылдың наурыз айында Степногорск қаласында көкеніс дақылдарын өсіретін жылыжай кешені ашылған. Сол жылы алғашқы жоғары сапалы әрі экологиялық таза көкеніс өнімі алынды. 2014 жылы «Қазақстанның жылыжай технологиясы» ЖШС-нің басшысы бұл кешенді кеңейтіп, жаңартуға бел байлайды. Бұл ниеті «Даму» Қорынан қолдау тапты.

«Даму аймақтар ІІІ» бағдарламасын пайдаланып, компания төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша 170 млн. теңге көлемінде несиелік қаражат алды. Қарызға алған қаражатқа көкеніс дақылдарын өсіруге арналған қазіргі заманға сай жабдық сатып алды. Жылыжайда тамшылатып суғарудың көлденең және тік перделеу жүйесі орнатылған.

Сондай-ақ гидропонды стеллажды қондырғылар, электрлік жарық түсіруде дақылдарды өсірудің аса нәтижелі және тиімді әдісімен жабдықталған көшеттік бөлімі орналасқан. Бұл кез келген жыл мезгілінде қол еңбегінің ең аз шығынымен сапалы дақыл алуға мүмкіндік береді. Кешенде керемет жабдықталған тұрмыстық ғимараттар салынған. Осында 0,5 га аумағында шығарылған өнімдерді сақтау үшін заманауи қойма іске қосылды. ЖШС-те 100 аса жұмыскер еңбек етеді.

«Бүгінгі таңда жылыжай кешені көкөністер мен шөп-шаламдар өсіреді. Өндірістік қуаттылығы жылына 1832 тонна өнім өндіреді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бізге несиені айтарлықтай арзандату мүмкіндігі туды, сол себептен артылған қаражатты біз кешенді жаңғырту мен кеңейтуге бағыттай аламыз», - деді «Қазақстанның жылыжай технологиясы» ЖШС-нің директоры Михаил Мамелюк. Жылыжай кешенінің өнімдері Степногорск, Астана, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды қалаларының сату сөрелеріне жеткізіледі, сондай-ақ Ресейге экспортталады.

 

 

Барлық жаңалықтар