Е.Ыдырысов: РФ Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

8 Қыркүйек, 2015 16:27
Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путин мен Украина Республикасының Президентi Петр Порошенко келедi деп күтiлуде.Бұл туралы бүгiн Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дипломатиялық корпуспен өткен брифинг барысында Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлiм еттi.

«Жоспар бойынша, өте көп сапарлар күтiлуде. Олардың арасында президент, премьер-министрлер деңгейiндегi сапарлар бар. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы мен өзге де ұйымдардың деңгейiнде бірқатар аймақтық iрi шаралар өтедi.  Қазан айында ТМД және ЕАЭО саммиттерiн ұйымдастырмақпыз. Сондай-ақ,  Ресей Федерациясының президентi Владимир Путин мен Украина Президентi Петр Порошенконың ресми сапарлары күтiлуде.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Франция, ОАР, Сауд Арабиясы мен Катар елдерiне сапар жасайды.Көрiп отырғандарыңыздай, жұмыс кестесi өте тығыз. Бiздiң ұжымдасқан  күш-жiгерiмiз нәтижелi болады деп сенемiз»,-дедi Е.Ыдырысов.

Барлық жаңалықтар