• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің - білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі өтеді

Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің - білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі өтеді

8 Қыркүйек, 2015 20:24
Астанада 2015 жылғы 9 қыркүйекте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің - білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің төрағалығымен өтеді, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Халықаралық кеңеске Армения Республикасы, Беларусия Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасының, Білім және ғылым министрлері мен орынбасарлары, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің базалық ұйымдастыру делегаттары, тіл және мәдениет, ересектерге білім беру және ағартушылық қызметі, негізгі жаратылыстану ғылымдары саласында кадрларды дайындау бойынша делегаттар, ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады.

Күн тәртібінде: 2016 - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Білім жылы; ТМД-ға мүше мемлекеттердің білім беру саласының қызметкерлері мен мұғалімдерінің съезі; ТМД кеңістігінде WorldSkills қозғалысын дамыту; ТМД-ға мүше мемлекеттердің Халықаралық рухани білім берудің желілік университеті жобасының Ережесі. Сондай-ақ, қатысушылар Қытай Халқы Республикасында бірлескен ресей-қытай университетін құруды талқылайды; «ТМД-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тарихы: тарих, саясат, мәдениет, экономика» және инклюзвті білім беру курсының лекциясын әзірлейді.

Пікірталастың басқа да маңызды тақырыптары Ыстық көлде өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттердің III Халықаралық  балалар-ересектерге мәдени-білім беру форумы және «ТМД-ға 25 жыл: Бірлесу мен серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығына арналған Мемлекет аралық көрмесі болмақ.

Отырыс соңында Кеңес мүшелері 2014 жылғы ТМД салалық ынтымақтастық органдары қызметінің қорытындысын шығарады.

Барлық жаңалықтар