• Басты
  • Жаңалықтар
  • 70 елдің сарапшылары Алматылық БӘДСҰ 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысады

70 елдің сарапшылары Алматылық БӘДСҰ 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысады

27 Қазан, 2013 09:15
2013 жылдың 6-7 қарашасында Алматыда Алматылық БӘДСҰ/ ЮНИСЕФ-тің 35 жылдығына арналған алғашқы көмек жайлы халықаралық конференция өтеді, оған 70 елдің өкілі қатысады деп жоспарлануда, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Конференция өзге елдермен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттырып, алғашқы көмек көрсетуде инновациялық бағыттарды пайдалануда септігін тигізеді», - деп хабарламада нақтыланған.

Сондай-ақ, шарада жалпы дәрігерлік тәжірибенің қолдануы, алдын алу шараларын сараптау бағыты бойынша жетекші елдердің тәжірибесіне еліктеу талқыланады.

Айта кетерлігі, 35 жыл бұрын әлемнің 157 елі Алматылық Декларацияны қабылдаған болатын.

 

Барлық жаңалықтар