Квазимемлекеттік компаниялар ақпарат беруге міндетті болады – Әшімбаев

8 Қыркүйек, 2015 16:09
Біз мемлекеттік биліктің ақпарат иеленуші органын анықтауды ұсынып отырмыз, оның ішінде Парламент, мемлекеттік орган болып есептелмейтін мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектордың нысандары – мемлекеттің басқа акциялар пакеті бар ұлттық және қарапайым компаниялар бар, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев «Жария ақпаратқа қолжеткізу туралы» Заң жобасын таныстыру барысында.

«Біз ақпаратқа деген қолжетімділік  туралы айтып отырмыз. Аталмыш заң жобасының мақсаты мемлекеттік органдардың ақпаратына және басқа да ақпарат иеленушілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Біздер, әзірлеушілер ең алдымен, әлемдік тәжірибеге арқа сүйедік. Әлем кейбір бағыттарда алға шығып кетті. Мәселен ЭЫДО елдері - біздер үшін бағдар болып саналады. Бұл заң жобасында біз мемлекеттік биліктің ақпарат иеленуші органын анықтауды ұсынып отырмыз, оның ішінде Парламент, мемлекеттік орган болып есептелмейтін  мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік сыңайлық сектордың нысандары – мемлекеттік баста акциялар пакеті бар ұлттық және жәй компаниялар бар» , - деді М.Әшімбаев.

Сонымен, заң  жобасының жаңашылдықтары: ақпарат беруге міндетті субъектілер тізімін кеңейту; ақпаратты беру тәсілдерін кеңейту; барлық нормативті құқықтық актілерге ашық және тегін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, жазбаша сұраныстарға жауап беру мерзімі 30 күннен 20 күнге дейін қысқартылады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар