• Басты
  • Жаңалықтар
  • Доха қаласында Семейде сауықтыру орталығын салу құрылысының жобасын іске асыру мәселесі талқыланды

Доха қаласында Семейде сауықтыру орталығын салу құрылысының жобасын іске асыру мәселесі талқыланды

8 Қыркүйек, 2015 17:13
Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қорының директоры Қанат Саудабаевтың Қатар Даму қорының төрағасы Халед бен Мұхаммед Әл-Аттыйямен келіссөздері болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің 2014 жылы Астанадағы уағдаластықтарына сәйкес, сұхбаттасушылар ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған Семей қаласында сауықтыру орталық салу құрылысының жобасын бірлесе отырып іске асыру мәселесін қарастырды.

Аталған сауықтыру орталықтың гуманитарлық бағыты мен 40 жылдық Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың зиянды әсерінен емделу мен сауықтыруға Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 730 мыңнан астам адамның мұқтаж болып отырған сұранысы ерекше атап өтілді.

Тараптар үстіміздегі жылғы қазан айының соңына жоспарланып отырған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қатар Мемлекетіне сапарына дейін, Орталық құрылысына қатысты келісімді дайындап және оны келістіруді аяқтауға ниеттіліктерін білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Н. Назарбаевтың Мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Қатар Даму қоры арасындағы мүмкін болатын басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Аталған кездесуге, сонымен қатар, Қатар Мемлекетіндегі ҚР Елшісі Асқар Шоқыбаев қатысты.  

Барлық жаңалықтар