Меморгандар азаматтардың қойған сауалдарына ақпарат ұсынатын болады

8 Қыркүйек, 2015 15:54
Заң жобасының мақсаты әрбір тұлғаның ақпаратты алу және оны рұқсат етілген заң әдісімен тарату конституциялық құқығын жүзеге асыру болып табылады, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев «Жария ақпаратқа қол жеткізу» заң жобасының таныстырылымы барысында.

«Заң жобасы біздің қоғамда бірнеше жыл қатарынан талқылануда. Заң жобасының мақсаты әрбір тұлғаның ақпаратты алу және оны рұқсат етілген заң әдісімен тарату конституциялық құқығын жүзеге асыру болып табылады. Негізгі  ұстанымдар: заңдылық, ашықтық, ақпаратты алу әділдігі, жария ақпаратқа қол жеткізу, мемлекеттік құпия болып саналатын ақпаратты таратпау, жеке адамның өміріне қол сұқпау мәселелерінде заңның сақталуын қарастырады», - деді М.Әшімбаев.

Депутат атап өткендей, заң жобасында өзге құрылымдар шектемейтін тізімді әзірлеу қажет.

«Тізім неғұрлым кең болған сайын, қоғамға түсініктірек бола түседі. Біз, бұл жағдайды да ұлттық қауіпсіздік тарапынан қарастыруымыз қажет», - деді ол.

«Жария ақпаратқа қолжетімділікті ҚР Парламент палаталарының отырыстарын , жергілікті орган өкілдері мен облыс әкімдерінің қатысуымен өтетін кеңестердің онлайн көрсетілімін жүргізу арқылы көтеру ұсынылуда», - делінген түсіндірме хатында.

Жалпы, «Жария ақпаратқа қол жеткізу» заңы Ұлт жоспарының 94-ші қадамын жүзеге асыру үшін әзірленді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар