- Басты
- Жаңалықтар
- Алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды (Фото)
Алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды (Фото)
Мұндай ауқымды тексеріс ҚР Қарулы Күштерінде бірінші рет өткізіліп отыр. Пәрмен бойынша бір уақытта жоғарыда аталған облыстарда 10 000-ға жауық әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшелері, 2 000-нан астам бірлік техника көтерілді, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды. Алдағы апта ішінде әскерлер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, оның ішінде Іле өзенінің су бөгетін алмастыруды пысықтайды, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерімен әуеден қолдау жүзеге асырылатын болады.
Әскерлердің іс-қимыл барысын ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаков бақылап отырды. Олар Қапшағай қаласындағы «Берег» оқу-жаттығу орталығына барды, онда 4 000 әскери қызметші, шамамен 1 800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10-нан астам батальон жеке құрамы шоғырландырылды. Тексеріс нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.
«Қазіргі уақытта тексеріске тартылатын құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгердік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауда, марш жасауда. Толық жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін тексерілетін әскерлер олардың ұдайы орналасу пункттерінен үлкен қашықтықта орналасқан таңсық полигондарға жиналады», - деп қорғаныс ведомствасының министрі Иманғали Тасмағамбетов оқиға желісін түсіндірді.
Бүгінгі күні әлемнің көптеген өңірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаңсытуға талпынған экстремистік, лаңкестік және сепаратистік ұйымдардың жандануына байланысты жағдайдың тұрақсыздандырылуының елеулі қауіп-қатері туындауда. Мұндай тексеріс түрін өткізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ. Дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізуді пысықтау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен қабылданған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді