- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Астанадағы кәсіпорын жылына 500 км құбыр шығарады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ИИДМБ: Астанадағы кәсіпорын жылына 500 км құбыр шығарады (ФОТОРЕПОРТАЖ)



«Астана Полимер» ЖШС зауыты полиэтилен құбырларын, фитинг пен бұруларды жүзеге асыратын өндіріс алаңы. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына 500 км құбыр шығарады – бұл өндірістік қуаттылықтың 50-60 пайызы ғана. Құбырлардың көп бөлігі ТКШ, су құбырлары мен газ құбырлары саласында өндіріледі.
Құбырларды дайындайтын шикізат полиэтилендік түйіршік болып табылады. Ол Таяу Шығыс, Таиланд, Корея, Ресей елдерінен сатылып алынады. Бұл кәсіпорынға жылына аталмыш түйіршіктің 20 мың тоннасы қажет.





«Технологиялық принцип түйіршіктердің ерітіндісінен тұрады. Ол ыстық еттартқыш. Түйіршіктер алдын ала дайындықтан өтіп, оның қалыптасуы жүзеге асырылады», - деді «Астана Полимер» ЖШС бас директоры Ербол Жұмағалиев.
Алғашында негізі еріп, құбырдың қалыптасу үрдісі басталады. Оны басқарып отыратын арнайы компьютер бар, ол қысым мен температураны қадағалап отырады. Жұмыстың сапасына орай құбырдың да сапасы анықталады», - деді ол.
«Суу үрдісі де арнайы режимде жүзеге асады. Себебі, оны жылдам немесе тым баяу түрде суытуға болмайды. Ол қажетті пішіндерді сақтап қалуы керек. Құбырдың диаметрі мен ұзындығына орай суу үрдісінің уақыты анықталады», - деді бас директор.



Желінің соңында тартылатын қондырғы бар, ол құбырды технологиялық үрдістен тартып алады.
Технологиялық үрдістің аяқталуы жылдам жүзеге асады, құбырды қабылдау үрдісі де бір сәтте орындалады.
«Үрдіс үздіксіз болғандықтан ұзындығында шек жоқ құбыр болып саналады. Бірақ, ол бізге кесілген түрде қажет болғандықтан, құбыр дайындалған соң ол автоматты түрде кесіледі. Біз шығысында 14,12 және 10 метрлік құбырларды аламыз. Стандарт – 12 метрге тең. Ол қоймаға шыққын соң, қажеттілігіне қарай қолданылатын болады», - деді Е.Жұмағалиев.










Айта кетерлігі, құбырларды өндіру желісі толық автоматтандырылған. Алайда, қолмен жұмыс істеу де қарастырылған. Кәсіпорынның 79 қызметкері тәулік бойғы үздіксіз үрдісті қадағалайды.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Елордада тәулігіне 500 адамнан коронавирус анықталуда -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады -
Диляра Қайдарова: Онкологиямен ауырған 2500 науқас коронавирус жұқтырды -
InfoKazakhstan е-платформасы қалай жұмыс істейді/ Бизнесіне тыйым салынған кәсіпкерлер үшін 42 500 төлене ме