- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада 50 киіз үйден тұратын этноауыл құрылды (Фото)
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада 50 киіз үйден тұратын этноауыл құрылды (Фото)
«Қазақ Елі» алаңында 50 киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, спорт алаңдары, алтыбақандар, тайқазан және т.б. орнатылды. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұсынады. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларының үздік шығармашылық ұжымдары үш күн бойы өз өнерлерін ортаға салады.
Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнерінің солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнепрезентациясын, «Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалін, «Сиқырлы би әлемі» би фестивалін,«Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқы достығыконцертін,«Ғасырлар үні»этно-концерті ұсынылады. Бұдан басқа, этноауылда жетім балаларға арналғанэкскурсия және астаналық дарынды жастардың қатысуымен концерт өткізіледі.
Этноауылда қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақ, бұқа тартыс, арқан тартыс, асықату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Мерекелік шаралар бағдарламасына сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкелері, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері енгізілді.
Барлық облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруі үш күнге жалғасатын мерекенің көркін келтірмек. Парад 12 қыркүйекте сағат 10.00 «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді.Осы күні сағат 19:00 өңірлердің ең үздік номерлері гала-концертте көрермендер назарына ұсынылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда