- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Тарасенко: Ақмола облысындағы «жасыл» технологиялар академиясы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға атсалысады (Видео)
Е.Тарасенко: Ақмола облысындағы «жасыл» технологиялар академиясы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға атсалысады (Видео)
«Біз «Халықтық «жасыл» технологиялар академиясы» оқыту орталығының ашылу салтанатындамыз. Бұл орталық - Елбасының 5 институционалды реформасында қойған тапсырмаларын жүзеге асыруға атсалысады. Бұл бізді елдің тұрақты дамуы мен экономикалық өсімге жетелейтін реформа. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы да бұл іске септігін тигізуде. Өздеріңізге белгілі, Ұлттық комиссия мен ЭКСПО-2017 арасында «жасыл» экономика туралы білім тарату мен әйелдерді тарту ісі жөнінде меморандум құрды. Біз бүгін «жасыл» экономика тәжірибеде қолданылып жатқанына куә болдық», - деді Е.Тарасенко.
Депутат атап өткендей, жақында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова ресми сапармен Токиода болып қайтты.
«Мемлекеттік хатшы Дүниежүзілік әйелдер конференциясына қатысты. Ол «жасыл» бизнесті дамыту мақсатында «Энергетиктер мен кәсіпкер әйелдер форумын» 2016 жылы Токиода өткізуді ұсынды,. Сондай-ақ, Жапония әйелдерін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды», - деді депутат.
Оның айтуынша, «жасыл» технологияларды игеру бойынша аталмыш орталық паш ету алаңына айналмақ.
«Біз мұның қаншалықты тиімді екенін көрдік. Көп скептиктер бұл өте қымбат деп айтып жатады, олай емес екендігіне көзіміз жетті», - деді Е.Тарасенко.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді