• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Берлиндегі су мәселесін реттеу бойынша конференцияға қатысты

Б.Сағынтаев Берлиндегі су мәселесін реттеу бойынша конференцияға қатысты

8 Қыркүйек, 2015 08:37
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ГФР федералды сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруы бойынша Берлиндегі «Су және Орталық Азиядағы тату көршілік қатынас» конференциясына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.

Оның жұмысына Еуродақ, Орталық Азия өкілдері, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар қатысуда.

Конференцияда сөз сөйлеген Б.Сағынтаев атап өткендей, Қазақстанда соңғы он жылда су мәселесін реттеу бойынша құқықтық база дамып келеді, су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданды және Аралды құтқару шаралары да қолға алынуда. 

Барлық жаңалықтар