Алматы әкімі Түрксіб ауданының әлеуметтік нысандарын аралады

8 Қыркүйек, 2015 08:56
Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің Түрксіб ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап көрді.Қала басшысы «Жас қанат» ықшам ауданындағы қазандықтың, мектептер мен емханалардың қысқа дайындығын тексеріп, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты,деп хабарлады қала әкімдігі.

Қала басшысы қазандықты биылғы жылдың қазан айында дейін іске қосуды, осы кезең ішінде №28 емхананы электрэнергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, нысан осыдан үш ай бұрын берілгенімен, жарық көзіндегі проблемалар салдарынан іске қосылмаған еді. Жалпы, әкім тиісті құрылымдар басшыларына ықшам аудан көлемінде инженерлік- коммуникациялар жүйені жүргізуді жете зерттеп, мәселені ойдағыдай шешуді тапсырды.

Қала басшысы теміржолы жоқ «GEGA» ЖШС-нің логистикалық орталығында болды. Анықталғанындай, бұларға «ALGCompany» ЖШС теміржолмен байланыс жасауға келісім бермей отырған көрінеді. Әкім бұл мәселені де жете зерттеуді бұйырды. Бұлардан өзге мегаполис басшысы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында да болды. «Алматы-1» теміржол вокзалы маңындағы «Сапар» ЖШС базарын аралап, оның санитарлық, өртке қарсы және архитектуралық нормаларға сай еместігіне қарай сүруді тапсырды. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, базар басшылығы бұл жерге сауда орталығын салуды жоспарлаған екен.

Әкім «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында салынған көппәтерлі тұрғын үйді де көрді. Бұл бағдарлама ауданда 2013 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Каркас пен қамыстан салынған екіқабатты ескі үйлердің орнына бес қабатты заманауи үлер бой көтерген, соның арқасында қосымша жылу мен жарық көздері де қажет етілуде. Бауыржан Байбек бұл мәселелерді ауданда қосымша автоматты жылу және жарық көздері арқылы шешуді тапсырды.

Шара соңында қала әкімі барлық атқарушы органдарға алда тұрған міндеттерді орындауда жауапкершілікті күшейтуді бұйырды.

Барлық жаңалықтар