- Басты
- Жаңалықтар
- Инвесторлар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық және индустриялық аймағын игеруде
Инвесторлар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық және индустриялық аймағын игеруде
«Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА жобасын әрі қарай логистикалық және индустриялық жобасын дамытуға қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту туралы мәселесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен өткізген кеңесте айтылды.
Жоба қатысушылармен кеңесте «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Қазақстан мен Қытайдың мемлекет басшыларының бұл жобаға ерекше көңіл аударып отырғандығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-ға жасаған сапарында Цзянсу провинциясымен индустриялық аймақты дамытуға $600 млн. көлемінде инвестиция құюға келісім жасалды.
Бүгінде елуден астам қазақстандық және шетелдік компаниялармен келісімдер жасалды.
«KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС коммерциялық департаментінің директоры Хичам Белмачидің (Hicham Belmaachi)айтуынша, Қорғас әлемге танылды. Әлемнің ірі логистикалық компаниялары өздерінің кәсіпорындарын ашып, логистикалық қызметтерін бастауға мүдделі. Олардың қатарындағы DHL, HP, DBSchenker және басқа да ірі логистикалық компаниялары АЭА қарқынды дамуын көзбен көреді. DPWorld әлемдік стандарттар мен технологияға сай терминалдық операторлармен ауқымды жобаға қатыса алады.
«Олар осы жерде қазақстандық және шетелдік компанияларға салықтық жеңілдіктер қолданылатындығын біледі. Сол арқылы жүкті Қытайдан Еуропаның көптеген елдеріне, Ресейге, ТМД-ның және Парсы шығанағы елдеріне шығаруға мүмкіндіктері бар»,-дейді Х.Белмачи.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА еуразиялық құрлықтағы маңызды жоба екендігін атап өткен Асқар Мамин қазіргі таңда мұнда инфрақұрылымдық нысандар салынғандығын, алдағы уақытта инвесторлардың белсенді жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалған дейді.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА басқарушы компаниясының бас менеджері Әли Қарабалиннің айтуынша, бүгінгі таңда жоба құрылысының негізгі жұмыстары атқарылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар