- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жария ету процесі қайта қаралуда
Қазақстанда жария ету процесі қайта қаралуда
«Қазақстанның азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдау жария етудің аса қолайлы және тартымды жағдайларын құруға, оның ішінде аталған акцияға тұрғындардың қатысуын белсендіру мақсатында оны өткізу процесін оңайлатуға ықпал ететін болады. Бұдан басқа, заң жобасы ел экономикасына ақшаны тез, қарапайым және сенімді қайтару, «көлеңкелі» экономиканың деңгейін төмендету процесін жақсарту үшін қосымша шараларды қабылдауға, сондай-ақ бюджетке қосымша түсімдердің түсуіне мүмкіндік береді», - дедң сөз басында Қаржы министрі.
Аталған заңжобасында құқық қорғау, басқа мемлекеттік органдары, банктер мен өзге ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғалу бөлігінде қылмыстық жауаптылыққа дейін қылмыстық заңнама нормаларын нақтылау және қатаңдату көзделген.
«Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігін болдырмау, салық заңнамасына мүлікке жария етуді өткізу үдерісінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды ұсынуға тыйым салу туралы нормаларды қосу қамтылған»,-деді Б.Сұлтанов.
Ведомсвто басшысының айтуынша, бұдан басқа банктік заңнамаға жария етілген ақша туралы ақпаратты тек Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының санкциясымен ғана құқық қорғау органдарына беру туралы нормаларын қосу, сондай-ақ бесінші - жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салу туралы норманы қолданысқа енгізу қарастырылған.
Жалпы, жоғарыда көрсетілген шараларды жүзеге асыру үшін жария ету мерзімін 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту көзделуде.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді