• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрлігі банкроттықтағы борышкердің әрекеттегі бизнесін сақтап қалу бойынша заңжобасын жасақтады

Қаржы министрлігі банкроттықтағы борышкердің әрекеттегі бизнесін сақтап қалу бойынша заңжобасын жасақтады

7 Қыркүйек, 2015 18:57
Қаржы министрлігі банкроттықтағы борышкердің әрекеттегі бизнесін сақтап қалудың баламалы тәсілдерін енгізу бойынша заңжобасын жасақтады, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Оңалту және банкроттық мәселелер бойынша Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасын таныстыру барысында.

Жалпы, оңалту және банкроттық мәселелеріне қатысты заң жобасы банкроттықтағы борышкердің әрекеттегі бизнесін сақтап қалудың баламалы тәсілдерін енгізуді көздейді.

«Таныстырылып отырған заңжобасында банкроттықтың алдын алу мақсатында әрекеттегі өндірісті сақтап қалудың жаңа тәсілі ұсынылған, ол – борышкер мен кредиторлар арасында төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттейді. Бұл механизмнің ерекшелігі, борышкерге осындай келісімнің қолданылу кезеңінде барлық берешек түрлері бойынша өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептеуді тоқтату сияқты мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі», - деді ведомсвто басшысы.
 

Оның айтуынша заңжобасында Қазақстан ресапубликасынцың 4 заңнамалық актісіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген: 2 Кодекс пен 2 Заң.

«Біріншіден, заңжобасында банкрот деп тану және оңалту процедураларын қолдану үшін төлем қабілетсіздігін реттеу қарастырылған. Екіншіден, банкроттықтағы борышкердің әрекеттегі бизнесін сақтап қалудың баламалы тәсілдерін жасақтау жоспарлануда. Үшіншіден, заңжобасында оңалту мен банкроттық процедурасын жүргізу мерзімін қысқарту көзделген», - деді Б.Сұлтанов.

Министр атап өткендей, жоғарыда көрсетілген түзетулерді енгізу бизнесті, жұмыс орнын және салықтық базаны барынша сақтап қалуға және оңалту мен банкроттық процедурасын жүргізу мерзімін қысқарту мүмкіндік береді.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар