ҚР-да жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылға дейін енгізу көзделуде

7 Қыркүйек, 2015 18:42
ҚР-да жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылға дейін енгізу көзделуде, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Ведомсвто басшысының айтуынша, елімізде қолданылатын әкімшілендіру жүйесі барлық жеке тұлғалардың табысы мене мүлкінің шыққан көздеріне тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

«Себебі, табыстар мен мүлік туралы декларацияны адамдардың жекелеген тобы ғана тапсырады. Олардың қатарында  мемлекеттік қызметшілер, депутаттар және судьялар бар.  Сондықтан жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру туралы шешім қабылданды»,-деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар оның айтуынша, заңнамалық негіз үшін екі заңнамалық жоба жасақталу көзделуде. Негізгі заң жобасы 5 кодекске және 6 заңға және ҚР Конституциялық заңнама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкесінше өзгертулер енгізуді көздейді, атап айтқанда декларация атауын сайлау қызметіне кандидат болып табылатын тұлға  беретін деп өзгерту жоспарлануда..

«Заң жобасымен табыстар мен мүлікті декларациялау жүйесіне кезеңді өту көзделіп отыр. Мәселен, 2017 жылғы 1 кезеңде жеке тұлғалардың дайындалған санаты ретінде мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметшілері декларацияны ұсынады. Келесі кезеңде, яғни 2020 жылдан бастап барлық қалған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын табыс ету қарастырылған», - дедің министр.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар