- Басты
- Жаңалықтар
- 1 500-ге жуық қазақстандық ҚР ҚК бөлімдерінде әскери-оқытылған резервтің дайындығынан өтеді
1 500-ге жуық қазақстандық ҚР ҚК бөлімдерінде әскери-оқытылған резервтің дайындығынан өтеді
«Жиындар жүйелі түрде әскери-оқытылған резервтің құрамын толықтыру және Қазақстан Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру мақсатында өткізіледі», - деп түсіндірді ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінде.
Тәжірибелі әскери қызметшілердің басшылық етуімен әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери іс негіздерін зерделейді, жеке әскери мамандықтарды, қару-жарақ пен техниканы меңгереді. Аяқталысымен олар жиын оқу бағдарламасын игергенін, соғыс уақытында тағайындалуы мүмкін әскери есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сәйкес келуін растап, емтихан және сынақ тапсыруы тиіс.
Әскери-оқытылған резерв бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақтар беріледі. Жиын қатысушылары арасында офицерлер, сержанттар және запастағы сарбаздар екенін атап өткен жөн. Олардың ішінде, сондай-ақ әскери қызметке алғаш жолданғандар да бар.
Бес күн ішінде олар міндетті түрде әскери ант қабылдайды. Бүгінгі күні жиын Қапшағайда өтіп жатыр. 9 қыркүйектен бастап Қарағандыдағы, Отардағы және Семейдегі Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінде, сондай-ақ Қарағанды, Семей, Тараз, Алматы және Шымкент гарнизондарының әскери полиция жасақтарында басталады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды