• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да кәсіпкерлерге салық салу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру арқылы жағдай жасалуда

ҚР-да кәсіпкерлерге салық салу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру арқылы жағдай жасалуда

7 Қыркүйек, 2015 17:28
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселесі бойынша бірқатар заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, ол кәсіпкерлерге салық салу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру арқылы жағдай жасауды қарастырған.

«Заң жобасы Ұлт жоспары -  «100 нақты қадамның» 39,65,67 қадамдарын жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге   салық салу және кедендік  әкімшілендіруді жетілдіру арқылы жағдай жасауды қарастырады. Салық төлеушілер үшін арнайы салық төлеуді енгізу  теңіз кемелерінің реестрінде тіркелген  халықаралық  теңіз кемесі арқылы тасымалдауды жүзеге асыру салыққа  деген корпоративтік әдістің  100 пайыз төмендеуіне әкеледі», - деді Е.Досаев.

Министр атап өткендей, әлеуметтік аз қамтылған халыққа промблемалық қарызды  алып тастағаны үшін шағын қаржы ұйымдарын салық салудан босатады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін екінші дәрежелі банктерді ҚР Ұлттық банк бағдарламасына 131 млрд теңгенің қарызы бар адамдардың қарызын кешкен жағдайда  жеке кіріс салығынан босату қарастырылған.

«Аталмыш норма  ипотекалық қарызгерлер мен әлеуметтік аз қамтылған халықтың қарыздық проблемаларын шешу мақсатында ұсынылады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар