• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ю.Пя: Ұлттық ғылыми кардиоорталығы қызмет көрсетудің жоғары сапалы деңгейіне көшеді (Видео)

Ю.Пя: Ұлттық ғылыми кардиоорталығы қызмет көрсетудің жоғары сапалы деңгейіне көшеді (Видео)

7 Қыркүйек, 2015 19:41
Біз халыққа кепілдендірілген қызмет көрсететін боламыз, жоғары сапалы деңгейге көшіп, жаңа әдістерді енгіземіз, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Ұлттық ғылыми кардиоорталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.

«Президент біздің  елге  қосып отырған үлесімізді үнемі бақылауда ұстайды. Кездесуге дейін Елбасы біздің клиникада шешілетін өзекті мәселелерді талқылау үшін  шақырды. Теңгенің еркін айналымға шығуы тұрғындардың алдында біз ұзақмерзімді жобаларды жалғастыра ала ма деген сұрақ туындады», - деді Ю.Пя.

Кездесу барысында Қазақстандағы медицинаның одан әрі дамуы мен кардиохирургиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы талқыланды.

«Осы кездесуден кейін, біз қалыпты режимде жұмыс істейтін боламыз, яғни кепілдендірілген көмек көрсетеміз. Біз оны осыдан да жоғары сапалы деңгейге көтерудеміз. Жаңа әдістер енгізудеміз», - деді ол.

Айта кетейік, Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығына Еуропа елдерінен 30 атақты маманы келген болатын, сапар барысында орталық мамандары шетелдік әріптестерінен үшінші буынның жасанды жүрегін ауыстыру бойынша тәжірибе алды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар