- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰЭМ бюджет заңнамасын жетілдіреді
ҚР ҰЭМ бюджет заңнамасын жетілдіреді
«Заң жобасы Елбасы ұсынған Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 91, 92, 93 қадамдарын, Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы мен Есептік комитеттің ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында жасақталған», - деді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісінде заңжобасын таныстру барысында.
Заң жобасына Бюджет кодексі мен «Жергілікті мемлекеттік басқару және Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару туралы » заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.
«Біріншісі жыл сайын министрлер мен облыс және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің Премьер министрмен түзілген меморандумдар үшін негізгі мақсатты индикаторларды жыл сайын бекіту қарастырылуда. Алғаш рет басшылар негізгі мақсатты индикаторлар көрсеткіштерге қол жеткізілмегені үшін жауапқа тартылатын болады. Екіншісі мақсатты индикаторлар бойынша стратегиялық жоспарларды қайта жасақтау бойынша стратегиялық жоспардан міндеттер, нәтижелер көрсеткіші мен шаралар алынып тасталады. Стратегиялық жоспардың жаңа форматында тек стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен мақсатты индикаторлар енгізіледі», - деді министр.
Оның айтуынша, жаңа стратегиялық жоспардың жаңа форматын енгізу арқылы мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасын жасақтау қарастырылуда.
«Бұл бюджеттік бағдарламаға стратегиялық міндетті жүзеге асыру үшін қажет шығындарды енгізуді көздейді. Жаңа стратегиялық жоспарлар форматы мен бюджеттік бағдарламаларды жасақтаудағы тың әдістер 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жасақтауда пайдаланылды. Нәтижесінде бюджеттік бағдарламалардың жалпы саны 519-дан 220 дейін қысқарды. Сонымен қатар, «мақсатты индикатор» түсінігі енгізілуде және «нәтижелер көрсеткіші», «қорытынды нәтиже» түсініктемелері толықтырылуда», -деп толықтырды министр.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу