• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай мемлекеттік университеті ИИДМБ жүзеге асыру үшін кадр дайындайды (ВИДЕО)

Қостанай мемлекеттік университеті ИИДМБ жүзеге асыру үшін кадр дайындайды (ВИДЕО)

7 Қыркүйек, 2015 17:09
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті ИИДМБ аясында мамандарды дайындауды жүзеге асыруда екі бағыт бойынша: машина жасау және азық-түлік өнімдерін өндіру саласының мамандарын дайындайды, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ЖОО-дан кейінгі білім беру мен ғылым басқармасының бастығы Андрей Коваль.

«Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның барлық стратегиялық құжаттарына енді, жаңа форматтағы кадрларды дайындамай оны жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстан бойынша аталмыш бағытқа енген 10 ЖОО таңдалып алынды, олар бағдарлама әзірлеу, қондырғы сатып алу, магистратурада кадр дайындау үшін қаржыландыруға бағытталатын болады. Атап айтсақ, Қостанай өңірі бойынша Қостанай Мемлекеттік Университеті екі бағытты қамтып отыр: машина жасау мен азық-түлік өнімін өндіру саласы», - деді А.Коваль.

Оның айтуынша, аталмыш жағдайда бірқатар өзекті аймақ таңдалды, оның ішінде машина жасау мен мхатроника саласы бар.

«Азық-түлік өнімін өндіруде біз бірқатар бағыт ұсынып отырмыз. Бұл өнімнің қауіпсіздігі, дәстүрлі өнімдерді шығару. Аталмыш бағыттардың пайда болу себептері де бар, халықаралық байланыстар саласында маңызды әзірлемелер болды, онда Қазақстан  тәжірибе мен әдістермен бөліседі. Аталмыш бағдарлама университеттің Қазақстанның жетекші кәсіпорындарымен серіктестік жасауына сүйенеді.  Мәселен, «Агромашхолдинг», «СарыарқаАвтоӨндіріс» және өзгелер», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар