Елбасы Зеренді ауданының астық алқаптарын аралады

7 Қыркүйек, 2015 16:08
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған сапары аясында «Викторовское» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы астық алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы техникаларының үлгілерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаевқа сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанының барысы жөнінде баяндалды.

«Викторовское» ЖШС бидай, майлы дақылдар өндірумен және мал шаруашылығымен айналысады. 2014 жылы астықтың жиынтық көлемі 13 мың тоннадан асты. Былтыр егіннің орташа шығымы гектарына 16,3 центнерден келді. Кәсіпорынның ет өндіру бағытындағы 300 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы бар. 

Барлық жаңалықтар