ҚДБ өңдеу өнеркәсібін мемлекеттік қолдау аясында 47 жобаны қаржыландырды

7 Қыркүйек, 2015 15:36
Қазақстанның Даму Банкі желісі арқылы өңдеу өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау көрсетудің шеңберінде 47 жоба қаржыландырылды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйектегі  жағдайда өңдеу өнеркәсібін Ұлттық қордың бірінші және екінші траншы есебінен (барлығы 100 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру аясына жалпы сомасы 44,8 млрд теңгеге 47 жоба қаржыландырылған.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі Банк, ҚДБ) желісі бойынша бөлінген Ұлттық қор қаражатын игерудің аралық нәтижелері осындай.

Ұлттық қордың бірінші траншы бойынша (50 млрд теңге), ҚДБ олармен алдында тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер өңдеу өнеркәсібінде 33 млрд 443,5 млн теңгеге 25 жобаны мақұлдады, ал 20 млрд 589 млнтеңгеге 21 жобаны қаржыландыру басталды.

Ұлттық қордың екінші траншы бойынша (50 млрд теңге) екінші деңгейдегі банктер 39 млрд 776,4 млн теңгеге 41 жобаны мақұлдады, 24 млрд 252,2 теңгеге 26 жобаны қаржыландыру басталды.

Мұнда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру туралы айтылып отыр – бір қарызгерді қаржыландыру шегі 200 млн теңгеден 5 млрд теңгеге дейін.

Нақты игерілген қаражаттың басым бөлігі аймақтап алғанда ОҚО-на келеді - 19% (I транш шеңберінде) және Алматы қаласы – 24% (II транш), салалық сегментте – металлургия өнеркәсібінің жобаларына - 23% (I транш) және 25% (II транш).

 

 

Барлық жаңалықтар