• Басты
  • Қазақстанда алғаш рет оқу-жаттығу бес облыстың аумағында өтеді (Фото)

Қазақстанда алғаш рет оқу-жаттығу бес облыстың аумағында өтеді (Фото)

7 Қыркүйек, 2015 14:47
Алғаш рет Қазақстанда Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылық етуімен ҚР бес облысында, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір уақытта өтетін «Айбалта-2015» ауқымды оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Алматы облысының «Көктал» оқу-жаттығу полигонында оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды. Таңсәріден бастап «Көктал» полигонында әрі-бері сапырылысқан, құмырсқадай қаптаған ығы-жығы адам. Яғни, 4000 әскери қызметші, шамамен 1800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10 батальоннан астам жеке құрам мен нағыз журналистік «десант» - Қазақстанның барлық өңірінен жиналған БАҚ-тың 20-дан астам өкілі Отанды қорғау қалай екендігін өз көздерімен көруге және барша қазақстандықтарға көрсетуге келді.  

5 облыста бір уақытта өтіп жатқан «Айбалта-2015» оқу-жаттығуы ауқымдылығымен таң қалдыруда, жалпы алғанда, оған шамамен 10 000 әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшесі, 2000-нан астам бірлік техника, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды. Онда Әуе қорғанысы күштері, ҰҚК Шекара қызметі және жергілікті билік органдары қатыстырылды. Тақырыппен дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізу айқындалған.

Тақырыпты таңдау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен қабылданған. Бүгінде әлемнің көптеген өңірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаңсытуға талпынған экстремистік, лаңкестік және сепаратистік ұйымдардың жандануына байланысты жағдайдың тұрақсыздандырылуының  елеулі қауіп-қатері туындауда. Сондықтан «Айбалта-2015» оқу-жаттығуын өткізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ, сондай-ақ арнайы операцияларда әртүрлі ведомствоаралық топтамаларды құру және қолдану мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді.  

Оқу-жаттығудың ортақ ниеті Әуе қорғанысы күштері, Шекара қызметі және жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимылда арнайы операцияларды дайындау және жүргізу көзделеді. Осының нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.   «Айбалта» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы 18 қыркүйекке дейін өтетінін айта кеткен жөн.


 

Барлық жаңалықтар