• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда АМСК қаржыландыру үлесі 2030 жылға таман 46-дан 66 пайызға көбеюі мүмкін – ҚР ДСӘДМ

Қазақстанда АМСК қаржыландыру үлесі 2030 жылға таман 46-дан 66 пайызға көбеюі мүмкін – ҚР ДСӘДМ

7 Қыркүйек, 2015 13:16
Міндетті медициналық сақтандыруды Қазақстанда енгізуде медицинаға деген баға 3,1 есеге өсуі мүмкін. Оған қоса алғашқы медициналық-санитарлық көмек үлесі 2030 жылға таман 46-дан 66 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң жобасының таныстырлуы барысында айтты.

«Біз халықтың өсімімен сақталатын міндеттердің сақталуындағы мемлекеттің денсаулық сақтауға кетіретін шығынын есептедік, 2014 жылдан 2030 жылға дейін шаққанда шығын екі есеге көбейіп кетті. Міндетті медициналық сақтандыруды Қазақстанда енгізуде медицинаға деген баға 3,1 есеге өсуі мүмкін. Денсаулық сақтау құрылымындағы өзгерістер – медициналық сақтандыру қорына енген қаржымен қосқандағы есепте алғашқы медициналық-санитарлық көмек үлесі 2030 жылға таман 46-дан 66 пайызға өсуі мүмкін», - деді Т.Дүйсенова.

ДСӘД министрі айтып өткендей, бұл қаржы: жалпы тәжірибе дәрігерлерінің көбеюіне, амбулаторлық- дәрілік қамтуды кеңейтуге, дәрігерлердің жалақысын көтеру, бейімдеу бойынша қызметтерді кеңейту жұмыстарына бағытталады. Сондай-ақ, мемлекетік қаржы есебінен медициналық ЖОО ұстаздарының шығындары мен медициналық білім беру шығынын өсіру қарастырылып отыр.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар