• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияға 20 елдің 50 ғалымы қатысады

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияға 20 елдің 50 ғалымы қатысады

7 Қыркүйек, 2015 12:33
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 20 елдің 50 ғалымы қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте.

«Біз 20 елден қатысушы келеді деп күтудеміз, өздерінің конференцияға қатысатындарын АҚШ, Италия, Франция, Германия және түркітілді елдер Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сынды елдерден 46 ғалым растады, жалпы 20 елдің қатысушы болмақ», - деді А.Төлешев.

Ол атап өткендей,  ҚР БҒМ Мемлекет тарихын зерттеу салыстырмалы саясаты мен еуразия бөлімі бастығының міндетін атқарушы Николай Лапин аталмыш конференцияға қатысушылар ауқымы кең екенін айтып өтті. Оның ішінде археологтар, тарихшылар мен демография, география салаларының өкілдері бар.

«Жұмысқа мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлануда. Конференцияға атақты тарихшылар оның ішінде отандық және шетелдік мамандар  қатысады», - деді Н.Лапин.

Сондай-ақ, А.Төлешев атап өткендей, шетелдік тарихшылар жетекші қазақстандық ЖОО-ларға магистранттар мен докторанттарға дәріс оқу үшін шақырылды.

«Шетелдік ғалымдар Назарбаев Университетінде, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де дәріс оқиды. Қазақстанда академиалық мобильділік жақсы дамыған. Біз шетелдік ғалымдарды аталмыш шаралар өткізуге және студенттермен танысуға шақырамыз», - деді ол.

Айта кетейік, 11 қыркүйекте Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  салтанатты шара өтеді. Шараға Елбасы мен өзге ел басшылары, халықаралық қауымдастық өкілдері мен шетелдік және отандық БАҚ өкілдері қатысады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар