• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев: Қазақстанда ірі трансұлттық компаниялар үшін инвестициялау шарттары жетілдірілуде

Ә.Исекешев: Қазақстанда ірі трансұлттық компаниялар үшін инвестициялау шарттары жетілдірілуде

7 Қыркүйек, 2015 12:18
Жобаларды табысты жүзеге асыруда және ірі трансұлттық компаниялардың жұмысын сақтап қалу үшін инвесторлар үшін берілетін жеңілдік режимін сақтап қалу керек, деп хабарлады ҚР инвестициялар мен даму министрі Әсет Исекешов «Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты мәселелері бойынша заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасын таныстыру барысында.

«Әр бағыт бойынша арнайы жоспар бар. Трансұлттық компанияларды тарту бойынша бірегей технологияларға қолжетімділік пен ТҰК жеткізушілерінің жаһандық тізбегін түзген маңызды», - деп хабарлады Ә.Исекешев.

Осы жоспарда оның айтуынша, компаниялармен келіссөздер жүргізілуде, басымдылық берілген бағыттар бойынша болашақ серіктестерде іздестірілуде. Бүгінгі таңда шамамен 20 ТҰК келіссөздер аяқталды.

Жобалар табысты жүзеге асырылу үшін оңтайлы салық жүйесі құрылған жөн. Заңда инвестицияланып жатқан жоба аясында пайдаланып жатқан шикізаттар, материалдар импорты барысында жаңа салықтық кедендік жеңілдіктер жасалғаны абзал.

«Атап айтқандай, автоөндірушілер үшін салықтық кедендік жеңілдіктер ретінде импортталған бөлшектер үшін ҚҚС босату қарастырылуда. Бұл отандық өнімнің өз бағасын ішкі және сыртқа нарықта төмендетуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік», - деді министр.

Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік принципін енгізу министрдің пайымынша, құрастыру, қайта кәдеге жарату мен автомобиль өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу бойынша шығындардың бір бөлігін жабады.

Сонымен қатар, ол инвестициялық келісімідерге отыру барысында бірқатар кедергілерді алып тастауды ұсынып отыр. Дәлірек айтсақ, өтініш беру мерзімін бірден екі жылға дейін ұзарту. Бұдан басқа, келісімге отыру үшін қажетті құжаттар тізімі қысқартылады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес инвестициялық жеңілдіктерге өтініш берген күннен бастап есептегенде 12 ай бұрын құрылған заңды тұлғалар үміткер бола алады. Бір жылдық жұмыс нәтижесі көрсеткендей, жоба алады құжаттарды дайындау жұмыстарына 1 жылдан 1,5 жылға дейін уақыт кетеді, бұл өтініш беруге берілген мерзімнен асады», - деп түсіндірді Ә. Исекешев.

Барлық жаңалықтар