- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Ұлыбритания елшісі К.Браунмен кездесті
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Ұлыбритания елшісі К.Браунмен кездесті
Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас барлық негізгі бағыттар бойынша серпінді дамып жатқанын атай отырып, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік таяу аралықта жаңа сапалы деңгейге шығатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформа аясындағы «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асыру іскерлік байланыстарды тереңдету үшін мол мүмкіндіктер ашады.
Мемлекеттік хатшы мемлекетті, экономиканы және қоғамды кезең-кезеңімен жаңғырту аясында 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің маңыздылығын айтты. Бұл көрме отандық экономиканы әртараптандыру ісіне және Қазақстанның «жасыл технологияны» пайдалануға өтуіне серпін беруі тиіс. Бұл орайда Ұлыбританияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы оған жоғары ресурстық және энергия сақтаушы технологиялар әзірлеу және енгізу саласындағы өз жетістіктерін паш етуге мүмкіндік береді.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Британия арасындағы сыртқы және ішкі саясат саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйі мен келешегін талқылап, стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетудің өзара мүдделестігін нақтылады.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті