Аграрлық несиелік корпорация екінші дәрежелі банктерді қорландырады

7 Қыркүйек, 2015 11:48
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ агробизнесті несиелендіру үшін екінші дәрежелі банктерді қорландыруда, деп хабарлады компания.

Айта кетейік, 2015 жылдың басынан бастап корпорация ауыл шаруашылығы өндірушілерін несиелендіру үшін 48 млрд теңге бағыттады, оның 34 пайызы ЕДБ мен несиелік серіктестіктер арқылы тікелей емес қаржыландыру жолымен берілді.

Қазақстан Республикасының «Агробизнес-2020» агроөндірістік кешенін дамыту бағдарламасы  АӨК субъектілерін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі бойынша кезең-кезеңмен тікелей несиелендіруді қысқарту қарастырылған. Ол екінші дәрежелі банк, шағын несиелік ұйым, несиелік серіктестіктер мен қаржы институттар есебінен жүзеге асырылады.

«Банктерді қорландыру мал шаруашылығы саласындағы жобаларды несиелендіруге бағытталған. Бұл жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ІҚМ алу, қоректендіру алаңдары мен зауытын салуға бағытталған», - деді «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ басқарма төрғасының бірінші орынбасары Нұржан Сейсенбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Аграрлық несиелік корпорация Bank RBK, Цеснабанк пен Астана Банкімен келісім орнатты, өзге банктарды тарту жұмыстары жалғасуда.

 

Барлық жаңалықтар