Астанада Қазақстан халқы тілдерінің күні аталып өтеді

7 Қыркүйек, 2015 10:06
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай елордада XVІІ қалалық тілдер фестивалі өткізіледі. Фестиваль қарсаңында мерекелік концерттер мен түрлі сайыстар ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Биыл XVII рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні сағат 18.30-да "Конгресс-Холл" сарайында  өтеді. 7 қыркүйек күні, сағат 18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында

18 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылады.22 қыркүйекте, сағат 18.00-де «Тілеп қобыз сарайы» концерттік залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты ақындар мүшәйрасы өтеді.

Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалінің жабылуы  24 қыркүйекке белгіленіп отыр. Осы күні таңғы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін қоғамдық көліктер, медицина мекемелері мен сауда орталықтарында «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция өтпекші. Жабылу салтанаты аясында Орталық алаңда «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты гала концерт ұйымдастырылады

Барлық жаңалықтар