- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада білім беру жүйесіндегі зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту мәселелері талқыланды (Фото)
Астанада білім беру жүйесіндегі зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту мәселелері талқыланды (Фото)
Семинарға ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов, БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорының зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту жөніндегі бағдараманың үйлестірушісі Анна Стативкина, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының сарапшысы Алмагүл Мұхамедханова қатысты.
Сөз сөйлеушілер оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету саласындағы инновациялық тәсілдерін ұсынды. Мектептің педагогикалық ұжымының өрт қауіпсіздігінің міндетті талаптарын,сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы іс-шаралар талаптарын сақтау бойынша жұмыстарын ұйымдастыруға басым көңіл бөлінді. Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және осы мәселелерді оқу пәндерінде интеграциялау – сарапшылар тоқталып өткен басты мәселелер, олар өздерінің көзқарастары мен ұсынымдарын айтып өтті.
Семинарға қатысқан мектептің педагогикалық құрамы көп пайдалы ақпарат алды. Өйткені оқушыларға қауіпсіздік негіздерін оқыту үшін осы салада өз білімдерін арттыру қажет.
Жобаны іске қосуға мектептің педагогикалық ұжымымен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Жылбаев, БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорының Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный қатысты.
Жобаның басты мақсаты – оқушылар арасында өздерінің жеке қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты қатынас қалыптастыру, өмірге қауіп төндіретін жағымсыз жағдайларда өмірді сақтау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету болып табылады.
БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорымен бірлесіп мектепте төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын оқыту кабинеті дайындалды. Бұл кабинетте нұсқаулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, сабақтарды өткізуге арналған оқыту және көрнекі құралдарының үздік үлгілері, авариялық-құтқару құрал-саймандардың үлгілері, жеке қорғау, өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары жиналған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері