- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде І. Есенберлиннің шығармашылығына арналған конференция өтті
Мәскеуде І. Есенберлиннің шығармашылығына арналған конференция өтті
Шараны Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің атсалысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі еліміздің Ұлттық мемлекеттік кітап палатасымен және Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясы арқылы қазақ халқының тарихын көркем көзқарасынан түсінуге тырысу, болып табылады.
"Ресей және Қазақстанның кітап таратушылар мен кітапханашылары бұрыннан бері достық пен ынтымақтастықта болуда. Осы конференция біздің кітапханамызда өтіп жатқанына ризамын. Менің ойымша, қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің шығармашылығына және оның 100-жылдығына арналған бүгінгі отырысымыз аталған екіжақты ынтымақтастығымызды одан әрі дамытады дегенге сенемін", – деп мәлімдеді Владимир Гнездилов.
Қозы-Көрпеш Есенберлиннің пікірі бойынша, "Көшпенділер" трилогиясы жазушының шығармашылығындағы негізгі туындысы болып қалыптасты. "Әкем өз шығармаларына көп көңіл бөлетін еңбекшіл жазушы бола тұра, өз балаларын да еркелетуге уақыт табатыны есімде анық сақталуда. Ол бүкіл шығармашылық еңбегін өз туған халқының тарихы бойынша кітап жазуға арнаған еді", – деді ол.
1976 жылы алғашқы рет жарық көрген "Көшпенділер" романы кейінен тек орыс тілінде жалпы 1,5 миллион данадағы тиражбен 12 рет басылып шықты. Одан кейін кітап 30 тілге аударылды.
Михаил Мейер Есенберлин көтерген көшпенділер тақырыбы және олардың Шығыс тарихындағы алған орны аса маңызды әрі мағыналы болғанын атап өтіп, қазақ жазушысының еңбегіне жоғары бағасын берді.
Конференция қатысушылары мен қонақтары Ілияс Есенберлиннің 100-жылдығына арналған кітап және тақырыпты қойылымдарда жазушының өмірі және шығармашылығы туралы баяндайтын туындыларымен, жеке заттарымен, фотоматериалдарымен танысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда