- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған іс-шаралар өтуде
ҚР Қарулы Күштерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған іс-шаралар өтуде
Әскери қызметшілерге мемлекеттілігіміздің құрылуы туралы тарихи деректі фильмдер көрсетілуде, көрмелер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, театралды қойылымдар мен мерекелік концерттер өткізіліп жатыр.
Сонымен, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында «Қазақ батырларынан бастап ғарыш кейіпкерлеріне дейінгі» конференция өтті.
Авиаторлар әйгілі қазақстандық тарихшы, мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғановпен кездесті. Профессор офицерлерге бүгінгі реформалаудың барлық салаларындағы, оның ішінде әскери саладағы жетістіктер еліміздің ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметімен тікелей байланысты екенін атап өтіп, XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ мемлекеттік биліктің тарихи ережелерін егжей-тегжейлі айтып берді.
Әуе қорғанысы күштерімен қатар, Аэроұтқыр әскерлері мен Әскери полициясы бас басқармасында Қазақстан тарихындағы атаулы күнге орай іс-шаралар дайындалды. 68665 әскери бөлімінің 400-ге жуық әскери қызметшісі, сондай-ақ 50 әскери полиция ауқымды флешмобтың қатысушылары болады.
Қазақ ұлттық музыкалық композициясының әуеніне олар аты аңызға айналған қазақ жауынгерлері, «Алтын адам» кейпінде болады, қарлы қобылан нысанындағы фигураларды орындайды және т.б. Флешмобты Астанадағы жаңа мұз айдыны сарайында 11 қыркүйекте өткізу жоспарлануда. Ол көз тартарлық және ауқымды іс-шара болады деп күтілуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты