СҚО-ның Тайынша ауданында егіннің 15 пайызы жиналды

5 Қыркүйек, 2015 15:03
Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау кампаниясы жұмыс істеуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

 «Вишневское» ЖШС-нiң алқаптарын аралап, аудан диқандарымен кездестi.

Серiктестiк директоры Павел Рафальскийдiң айтуынша, дақылдардың 35 пайызы орылды, бұл 4 мың гектар. Аудан диқандары жақсы егiн жинамақ, гектар берекелiгi 20 центнер шамасында.

Тайынша ауданында жасымықты да себiледi. Оның 500 гектарын орып үлгерiптi. Жақын арада арпаны жинауға көшедi. Сондай-ақ, майлы дақылдарды жинап, қысқа малдық азық дайындап жатыр. Агроқұрылымда жұмыс екi ауысымда жүрiп жатыр.

«Жалпы облыс бойынша егiннiң 14 пайызы жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық. Орақ науқанын осы қалыпта жалғастырып, әр қолайды күндi тиiмдi пайдаланыңыздар»,- дедi өңiр басшысы.

Бұдан кейiн өңiр басшысы «Вишневское» ЖШС салып жатқан бордақылау алаңының құрылысын көрдi. Павел Рафальский мал жемдейтiн алаңды қыста iске қосуды жоспарлап отыр.

«Победа Тайынша» ЖШС алқаптарында да диқандар екi ауысымда жұмыс iстейдi. 9 мың гектардың 2-уiн шауып үлгерiптi. Әзiрге гектар берекелiлiгi 13-15 центнердi құрап отыр. «Степноишимская тәжiрибелiк станция» ЖШС-де де дәндi дақылдар мен бұршақ дәндiлердi жиналуда.

 

Барлық жаңалықтар