• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Павлодар картобы-2015» жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 875 млн теңгенің 12 келісім шартына қол қойылды

«Павлодар картобы-2015» жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 875 млн теңгенің 12 келісім шартына қол қойылды

5 Қыркүйек, 2015 15:34
Павлодар облысында екінші аймақтық «Павлодар картобы-2015» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

 Оған Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Сапархан Омаров қатысты.

«Павлодар картобы-2015» жәрмеңкесіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің,   «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің, облыс әкімдіктерінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, сауда желілерінің өкілдері, Қазақстан мен Ресей Федерациясы қалаларының логистикалық орталықтарының өкілдері, сондай-ақ картоп және көкөніс өнімінің ірі өндірушілері қатысты.

Жәрмеңке аясында павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жетістігі көрсетіліп, Қазақстан мен Ресей Федерациясының іскерлік сала өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды.

 Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев өз сөзінде жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат – павлодарлық брендті көрсету, жаңа серіктестермен картопты көтере сатып алу жөнінде меморандумдар (келісімшарттар) жасасу екенін атап өтті.

Биылғы жылы Павлодар бағбандары 400 мың тоннадан астам картоп (бұл өткен жылғы деңгейден 34%-ға артық) және 180 мың тонна көкөніс жинап алуды жоспарлап отыр. Бүгін жәрмеңкеде көкөністі өсіру технологиясы, «екінші нанның» әйгілі сұрыптары көрсетілді. Жәрмеңкеге қатысушылар делдалсыз және пайдалы шарттармен келісімшартқа отыруға мүмкіндік алды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларына 875 млн. теңге сомасына 25,1 мың тонна картоп жеткізу жөнінде 12 келісімге қол қойылды.  Мамандардың бағалауы бойынша павлодарлық картоп Қазақстан нарығында да, оның аумағынан тыс жерлерде де өзінің жоғары сапасымен танымал.

Павлодар картобының барынша танымал сұрыптары: «Романо», «Невский», «Сантэ», «Каратоп», «Гала», «Розара», «Мелоди» және т.б.

 

Барлық жаңалықтар