ИИДМБ: Қостанай облысында жаңа элеватор ашылды

5 Қыркүйек, 2015 12:32
Тобыл ауылында астық сақтайтын қоймаларды салу бойынша инвестициялық жобаның ашылуы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінде.

Жобаның қны 580 млн теңге. Осы жылы 40 мың тонна сиымдылығы бар бірінші кезектегі астық сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

Астық сақтаудың болашағын 100 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Жобаның жалпы құны 1 млнд 679,6 млн теңге.

«Жыл сайын облыста 100-150 мың тоннаны сақтайтын жаңа орындар ашылады. Осы жылы да 8 156 мың тонна болатын 8 астық сақтау орнын пайдалануға беру жоспарланған», - деді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов.

Жаңа кәсіпорын бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілері жетекшілері шақырылды.

Сондай-ақ, кәсіпорындарда екі кептіру агрегаты бар, сағатына әрбіреуі 50 тонна өнім өндіреді.

 

Барлық жаңалықтар