«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақмола облысында ФАП ашылды

5 Қыркүйек, 2015 11:36
Аршалы ауданы Бұлақсай округінің Костомар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінді.

«Ауданда «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік саланың  материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін ауқымды жұмыстар жасалуда.  Медұжым мен келушілердің жағдайына барлық қолайлы шаралар жасалған», - деді аудан әкімі Жомарт Нүркенов.

Барлық келушілер кабинеттермен танысып, медицина ұжымына сәттілік тіледі.

ФАП-тың ашылуы 5 жұмыс орнын ашады. 

Барлық жаңалықтар