- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады
Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады
Аталмыш келісім ҚР ДСӘДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды.
Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСӘМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердің ауруын жеңілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды жасаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар таргеттік терапияны анықтау мақсатында молекулярлы-генетикалық, иммунды-гистохимиялық зерттеулерді жүргізуге арналған лабораторияны ашу мүмкіндіктерін, мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында онкоклиникаларды ашу, қазақстандық мамандарды MD/PHD және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту мәселелері қарастырылды.
Гюнтер Хенцемен кездесу барысында ҚР-дағы балалардың онкологиялық қызметін жетілдіру ісі талқыланды. Оніың ішінде онкологиямен ауыратын балалар мен олардың ата-аналарына арналған пансионаттар құрылысы, оларға паллиативтік көмек көрсетуді жетілдіру, Киль қаласындағы (Германия) референс-лабораторияда иммундық-гистохимиялық зерттеулерді растау, ісіктерді визуализациялау мақсатында республикалық балалар медициналық ұйымдарын сапалы әрі заманауи диагностикалық аппараттармен қамсыздандыру ісі талқыланды.
Кездесулердің нәтижесінде профессор Александр Эггермонт Қазақстандағы ересектерге арналған онкологиялық қызметті дамыту бойынша, ал профессор Гюнтер Хенце Қазақстандағы балалар онкологиялық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңесші қызметін атқару туралы келісілді. ҚР ДСӘДМ бұйрығымен екі профессор министрдің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары