Б.Сағынтаев: АИ-80 мен ДО бағасы қалпында қалады

4 Қыркүйек, 2015 19:36
Қазақстанда АИ-80 маркалі бензин мен дизельді отын бағасы өспейді, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

«АИ-80 маркалі бензин мен дизельді отын бағасы қалпында қалады. Біз АИ-80 маркалі бензин мен дизельді отынды жеткілікті көлемде өндіріп отырмыз. Мұнда түйіткілді түйіндер жоқ. АИ-80 маркалі бензин - 89  теңге, дизельді отын– 99 теңге тұрады. Мұнда реттеу толық көлемде қалады», – деді Б. Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметі АИ 92 мен АИ 93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады. 

Барлық жаңалықтар