• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Мәңгілік ел» қойылымына дайындалуда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Мәңгілік ел» қойылымына дайындалуда (ФОТОРЕПОРТАЖ)

4 Қыркүйек, 2015 19:06
Бүгінде бүкіл Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық шараларды күтуде. Көптеген шаралардың ішінде ең ауқымдысы, әрі көрнектісі ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде «Барыс» мұз айдынында өтетін «Мәнгілік ел» театрландырылған қойылымы болмақ. Осы ретте Strategy2050.kz АА редакциясы сахна сыртындағы дайындық жұмыстарынан сыр шертпекші.

Бұған дейін белгілі болғандай, Қазақ хандығының 550 жылдығы Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда маңызды бір бөлшек болып табылады. Сарапшылардың пайымынша Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту қазақстандық біртұтастылықтың қалыпьтасуына және «Стратегия - 2050» жүзеге асыруға тың серпін береді.

Редакция журналистері айтулы шараға дайындық барысына қатысуға мүмкіндік алды. Айта кетерлік жайт, қойылымға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін дайындалуда. Декорацияның бір жартысы орнатылып қойылған, актерлардың киімдері де сақадай сай.

«Мәңгілік Ел» жобасына Қазақстанның барлық шығармашылық ұжымдары мен әртістері қатыстырылуда, оның ішінде «Астана Опера» опера және балет театрының, «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы бар, шамамен 300 адам. Сонымен қатар, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия мен өзгеде елдердің шығармашылық ұжымдары да атсалысуда.  

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Мәнгілік ел» қойылымы - 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына жоспарланған еліміз бойынша 100 шараның ішінен ең ауқымдысы, әрі көрнектісі болмақ.  

Оның үстіне, бұл шараға Қазақстан Республикасының Президенті және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесінің V мерейтойлық Саммитіне келетін шет елдердің басшылары қатысады деп күтілуде .

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар екі кезеңде өтеді: біріншісі –  Астанада, екіншісі – Таразда.

Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында «Мәнгілік Ел» идеясына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциялар, көрмелер, спорттық шаралар өтуде.

ҚР МСМ мәліметі бойынша, мерейтойлық шаралардың тағы да бір жарқын да есте қаларлық шаралардың бірі - «Қазақ елі" ескерткішінің алдындағы алаңда еліміздің барлық аймақтары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылатын этноауыл болып табылады. Бұл жерде 50 шақты киіз үй, екі үлкен сахна, түрлі ұлттық жарыстар өткізуге арналған спорт алаңдары, алтыбақан, тайқазандар және т. б. орнатылады. Астана қонақтары мен тұрғындары 11-13 қыркүйек аралығында таңертеңнен кешке дейін шығармашылық топтардың гала-концерттерін, халық әртістері мен эстрада жұлдыздарының өнерлерін тамашай алады.

Сонымен қатар бұл күні Тәуелсіздік сарайында Елбасы және өзге мемлекеттердің басшылары, халықаралық қауымдастық, отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын, ал Назарбаев университетінде «Мәңгілік ел» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференцияға әлемнің 20 мемлекетінен келген шетелдік және отандық ғалымдар, халықаралық сарапшылар, бизнес қауымдастық өкілдері және т. б. 1000 астам қонақтар қатысады.

 Ботагоз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар