• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрі 15-ші қыркүйектен бастап Павлодарлық МӨЗ-ге жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты

Энергетика министрі 15-ші қыркүйектен бастап Павлодарлық МӨЗ-ге жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты

4 Қыркүйек, 2015 18:01
Энергетика министрі В.Школьник ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты 15-ші қыркүйектен бастап жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылатынын айтты.

«Біз Павлодарлық МӨЗ-де жұмысты тоқтатпайтын едік, бірақ біз 15-ші қыркүйектен бастап жаңғырту жұмыстары жұмыстың уақытша тоқтатылуын қажет етеді, ол жаңа қондырғыны енгізуде қолданылатын технологиялық қажеттілік. Ал кейін оны жұмысқа қосу мүмкін емес, себебі қысқы мерзімде зауыт  аязда нысандарын іске қосуға қауқарсыз», - деді министр.

Айта кетейік, Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жылына 100 мың тонна жанармай өндіреді, алайда жөндеу жұмыстарына байланысты  кідірісте қыркүйектегі өнім 19 мың тоннаны құрайтын болады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар