- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы жанармай бағасы өзге мемлекеттерге қарағанда төмен болады –энергетика министрі
Қазақстандағы жанармай бағасы өзге мемлекеттерге қарағанда төмен болады –энергетика министрі
«Өткен жылы қыркүйекте мұнай бағасы 110 доллар болса, бағам 182 теңге еді. Яғни бензин 128 теңге тұратын. Бұл бір литрға 70 цент деген сөз. Бүгінде мұнайдың баррелі 50 доллар, ал бағам 240 теңге. Бүгінде бензин 108 теңге, яғни бір литр үшін 40 цент. Мұндай бағаға бензин алып келу мүмкін емес. Баға көтерілуде және оны қаншаға дейін көтерілетінін ешкім айта алмайды. Мүмкін ол 140, мүмкін 150 теңге литрына болар. Осы аймақта болады енді», - деді В.Школьник.
Министр атап өткендей, бағаның қалыптасуы барысында күрт өсімде болуы мүмкін
«Әрине күрт өсім болатынын күтіп отырмыз, алайда жағдай бір қалыпқа келгенде Үкімет біреудің есебінен пайда табуға мүмкіндік бергейді деген ойдамыз. Оның үстіне монополияға қарсы заңнамада бар», - деп түсіндірді В.Школьник.
Сонымен қатар ол, Қазақстандағы жанармай бағасы өзге мемлекеттерге қарағанда төмен болады, деп сендірді.
«Қазақстандағы жанармай бағасы өзге мемлекеттерге қарағанда төмен болады. Себебі Қазақстан осы жылдар бойы халық үшін жанармайды субсидиялап келеді. Сондықтанда бізде мұнайөнімдерінің бағасы төмен. Мемлекет бұл міндеттемені өз мойнына алып, тұрақтандыруда», - деді ведомсвто басшысы.
«Қазіргі таңда біздің қаржы блогымыз Үкіметтің акциз түрінде төлем алу көлемін арттыру бойынша ұсынысын қарастыруда. Бүгінгі 4,5 мың теңгені тоннасына 10,5 мың теңгеге дейін жеткіземіз. Сонда жергілікті бюджет 12 млрд теңге алады», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметі АИ 92 мен АИ 93 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек