Мәжілісте Қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы әзірленді

4 Қыркүйек, 2015 18:16
ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» депутаттар бастамашылығымен жасалған заң жобаларын таныстырды, деп хабарлады Мәжіліс.

Аталған заң жобалары «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамның» 99-қадамын және «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін әзірленген. Құжатты «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері, Мәжіліс депутаттары Н.Әбдіров, С.Сейдуманов және Қ.Сұлтановтың бастамашылығымен жасалған.

Жұмыс барысында мүдделі министрліктердің жауапты қызметкерлері, мәслихат хатшылары мен аудан мен жергілікті әкімдер қатысып үлкен пікірталастармен талдау болған. Бірнеше басқосулар мен конференциялар өткен. Мәжілісте жұмыс ашық өтіп жатыр. Жұмыс тобына қатысқысы келген азаматтарға есік ашық, ой-пікірлеріңіз болса жазбаша түрде жіберуге де болады. Міндетті түрде қаралатынын ескертеміз.

 Бірлесе жұмыс істеуге шақырамын»,- деп бастады. Заң жобасымен авторлардың бірі, Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов таныстырды. Заң жобасының мақсаты Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, оларды қалыптастыру және олардың халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту, қоғамдық институттар мен азаматтардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер қабылдауға кеңінен қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне министрліктермен, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдармен, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдармен бірлесіп, қоғамдық институттар құратын Қоғамдық кеңестер жатады.

 Жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, село, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары Жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі. Қоғамдық кеңестер екі – республикалық және жергілікті деңгейде құрылады.

 

Барлық жаңалықтар