• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Қызылордада тәулігіне 600 тонна шыны өндіретін зауыттың құрылысы басталды (Фото)

ИИДМБ: Қызылордада тәулігіне 600 тонна шыны өндіретін зауыттың құрылысы басталды (Фото)

4 Қыркүйек, 2015 17:41
Қызылорда облысында күніне 600 тонна (жылына 197 100 тонна) шыны табақшасын өндіретін шыны зауыты ашылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Шыны зауытына қажетті шикізатты Қызылорда облысында орналасқан Сарышоқы кен орнынан жеткізу көзделіп отыр. Қосымша қоспалар  Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден, Қырғызстаннан және  Өзбекстаннан тасымалданады. 

Жобаның жалпы құны 197 млн доллар. Қаржының 80 пайызын «Қазақстан даму банкі» бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы мен Қазақстан инвестиция қоры инвестор ретінде қаржыландырмақ. Ал құрылыс жұмыстарын «Orda Glass Ltd» ЖШС-гі жүргізетін болады.

«Құрылыс жұмыстарының басталғанына 4 айдан асты. Қазіргі кезде 100-ден астам жұмысшы және 20 шақты техника жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда дайын өнімге арналған қойманың құрылысы жүріп жатыр, осы екі апта ішінде құрылысы басталады. Құрал-жабдықтарды жеткізушілердің бәрі әлемге белгілі Америка, Германия, Италия секілді елдердің компаниялары», - деді Қ.Бишімбаев.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес Байтерек холдингімен бірлесе осы шыны зауыт құрылысына кірісіп кеттік. Өздеріңіз білетіндей, бұл индустриалды-инновациялық жоба, өнімнің экспорттық әлеуеті өте жоғары. Холдинг шақыруы бойынша құрылыс жұмысына АҚШ, Финляндия, Германия, Италияның маңдайалды компаниялар келді. Келісім бойынша, құрылыс алаңына инженерлік инфрақұрылымды жеткізу біздің міндетіміз, бұл жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл зауыт іске қосылып, Сыр өңірінің әлеуетіне зор үлес қосады. Біз тек қана құрылыс емес, сондай-ақ, кадр мәселесімен де айналысып жатырмыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Бір айта кетерлігі, жоба операторы зауыт салумен қатар дайын өнімді өткізу нарықтарын анықтауда. Мысалы, бүгінгі күні «BI Group» компаниясымен, Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығымен, сондай-ақ «Дана» фирмасымен өнімді жеткізуге шарттар жасасты.

Сыртқы нарықтарда тұтынушы іздестіруде. Сарапшылардың бағасы бойынша өнімді өткізудің басты нарықтары – бұл Ресей Федерациясының Сібір өңірі, Орталық Азия (Өзбекістан, Қырғызстан, Түркменстан және Тәжікстан), Ауғанстан және Үндістан болмақ. 

 

Барлық жаңалықтар