- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заң жобасы таныстырылды
Мәжілісте «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заң жобасы таныстырылды
Тақырып төңірегінде баяндама жасаған Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайыновтың атап өткеніндей, құжат Елбасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы және ҚР Ұлттық Банкін Астана қаласына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес әзірленген. Сонымен қатар, Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қолдауға бағытталады.
Н. Құсайынов заңды құжат арқылы орталықта ерекше салық, валюталық және визалық режимінің, сондай-ақ Орталық органдарының және қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекше режимі болатынын атап өтті. Мәселен, заң жобасында Орталықтың органдарына, қатысушыларына, сондай-ақ Орталық органдары мен қатысушыларының қызметкерлеріне 50 жыл мерзімге салық жеңілдіктерін беруге қатысты нормалар көзделген.
Сонымен қатар, орталықтың органдары мен қатысушылары үшін жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режимдері қолданылады. Мәселен, орталық қатысушыларының немесе органдарының қызметкерлері саналатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасы мүшелері бес жылға дейін қолданылу мерзімімен кіру визасын алады.
Орталықтың ресми тілі ретінде ағылшын тілі белгіленіп, ол Орталықтың бүкіл аумағында Орталық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады. Сотта істі қарау, сондай-ақ Орталыққа қатысушылардың барлық мәмілелері де ағылшын тілінде жүргізіледі және баяндалады.
Заң жобасында Дубай халықаралық қаржы орталығына ұқсас Орталықтың аумағында тәуелсіз және Қазақстанның қазіргі кездегі сот жүйесінен оқшауланған Орталықтың өз сотын құру көзделуде, Орталық органдарының, қатысушыларының және олардың қызметкерлерінің қатысуымен туындайтын дауларды қарау мен шешу оның айрықша құзыреті болып есептеледі.
Сонымен қатар, заң жобасында Халықаралық төрелік орталығын құру көзделген, ол тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.
Мәжіліс депутаттары Ш. Мырзахметов, Т. Өмірзақов, Г. Щегельский, О. Өксікбаев, Қ. Жабағиев, Т. Ерғалиев жаңадан жұмысқа қабылданған заң жобасының олқы тұстарын көрсетіп, нақты сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын жеткізді. Оның барлығы алдағы талқылауларда есепке алынатын болады.
Жұмыс тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Т. Яковлева.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы