Астанада №2 Индустриалды паркі 2017 жылы пайда болады

4 Қыркүйек, 2015 16:42
Астанада 2017 жылға қарсы 3 мың жұмыс орнын ашатын №2 Индустриалды паркі іске қосылады, деді «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасы» МБ жетекшісінің орынбасары Архат Саябаев баспасөз туры барысында.

«Бүгінгі таңда №1 Индустриалды паркінің аймағы 90 пайызға қамтылған, инвесторлар біздің қалаға үлкен қызығушылық танытып отыр, сондықтан №1 парктен шалғай емес жерде 433 гектар болатын №2 паркті ашу жоспарланған. Бүгінгі таңда №2 индустриалды паркті сингапурлік компания қарастыруда, ол әлем бойынша экономикалық аймақ құрудың үздігі. Біз 2017 жылға дейін оны іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді А.Саябаев.

№2 Индустриалды парк аймағына жаңа технологиялар мен жаңа өндірісті, жоғарысапалы технологияларды тарту жоспарлануда.

«Сондай-ақ, парк №1 паркта кездеспейтін қажетті заттармен қамтамасы етіледі. Бұл технопарк, яғни жабық нысандар, олардың ішінде шағын өндірістер өз қондырғыларын қойып, өнімдерді шығара беретін болады. Ол үшін біз қажетті ыңғайлы ғимарат салуға дайынбыз», - деді ол.

№2 парк қолданысқа енген соң 3 мың жұмыс орнын ашып, 100 млн теңгенің өнімін өндіру жоспарланған.  Қазір инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде, 2017 жылға қарсы бос жер учаскілеріне дайын инвесторлармен келу көзделген.

«Біз инвесторлар тек өздерінің өндірісін ашу үшін ғана емес, инфрақұрылым жобаларының құрылысын жүзеге асыруға келеді деген ойдамыз», - деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда №2 Индустриялды парктің жоспарын әзірлеу жүргізілуде, одан әрі техникалық-экономикалық қарау жүзеге асып, жобалық-сметалық құжатнама жүзеге асады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар