«Астана - жаңа қала» АЭА аймағына 2 трлн теңге инвестиция тартылды (Фото)

4 Қыркүйек, 2015 15:43
2001 жылы құрылған «Астана - жаңа қала» АЭА аймағына 2 трлн теңге инвестиция тартылды, деп хабарлады «Астана – жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасы» МБ жетекшісінің орынбасары Архат Саябаев баспасөз туры барысында.

«2001 жылы «Астана  - жаңа қала» АЭА аймағы құрылғалы бері 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Қаржының жартысынан астамы елорданың сол жағалауының құрылысына бағытталды, соның арқасында 300 мекеме пайдаланылуға берілді. Бұл баспана мен әкімшілік кешендер, театрлар мен Президент Әкімшілігі – Ақорда.  Аталмыш нысандар Астана аймағына тартылған инвесторлардың салығынан босатылу есебінде тұрғызылды», - деді А.Саябаев.

№ 1 Индустриялды паркінде бүгінгі таңда 58 инвестициялық нысан бар, оның 21 нысаны іске қосылды, 37 нысаны 2017 жылдың соңында қосылады. Жыл сайынғы өнім көлемі 100 млн теңгеден асады, оған қоса 2 мың жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, басқарма жетекшісінің орынбасары айтып өткендей, инновациялық құрылым - № 1 индустриалды паркке ену міндеттерінің бірі.

«Біз аса жауапкершілікпен бұл жобаларды іріктеп жатырмыз. Оның көп бөлігі ерекше жобалар болып есептеледі. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін де бұл жобалар қажетті өнім өндіреді. Әскери техника үшін әскери оптика өндіруді, алтын құймалар мен байытылған кен, энергия үнемдеуші шыныпакеттердің өндірісін айтуға болады», - деді ол.

Айта кетейік, № 1 Индустриалды парктің инфрақұрылым құрылысына  - жолдардың, ұбырлардың, желілердің, кәріздердің  жөнделуіне республикалық бюджеттен 19,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда салық ретінде бюджетке 30 млрд теңге қайтарылды.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар