• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қытайлық БАҚ Қазақстанды Жібек жолы жобасын жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі деп атады

Қытайлық БАҚ Қазақстанды Жібек жолы жобасын жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі деп атады

4 Қыркүйек, 2015 15:27
Қытайлық БАҚ Қазақстанды Жібек жолы экономикалық белбеуі тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі деп атады. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады.

«Қазақстандық көшбасшының Бейжіңге сапарын бағалаған қытайлық БАҚ Қазақстанды Жібек жолы экономикалық белбеуі тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басты серіктестерінің бірі деп атады. Бұл өте маңызды баға, себебі біздің аймақта транзиттік-көлік жобаларын дамытудағы мүддеміз бір және Қытайдың оған белсенді атсалысуы Бейжің пен Қазақстан үшінде бірдей маңызды»,  деп мәлімдеді сарапшы.

Саясаттанушы атап өткендей, бұл сапар Астана мен Бейжің Жібек жолы экономикалық белбеуі жобасын жүзеге асыруға белсенді кіріскенін білдіреді.

«Екі ел басшыларының қол қойған құжатарының ішіндегі маңыздысы  «Жан-жақты қамтитын стратегиялық ынтымақтастық декларациясы». Сарапшылардың пайымынша бұл келісім қытайлық Жібек жолы стратегиясы мен қазаөқстандық «Нұрлы жол» бағдарламасының түйісуінің жоспары іспетті.

 «Нұрлы жол» бағдарламасының негізі көліктік-тасымал жобаларын жүзеге асыру және дамыту болып табылады. Осылайша біз аталмыш саладағы қадамдарымызды өзара үйлестірудеміз деген сөз»,  деп түйді сарапшы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар